Бишкекте бүгін ондаған адам ереуілдетіп, хабарсыз кеткен құқыққорғаушы Тұрсынбек Ақұновты үкімет тапсын деп талап қойды. Ақұнов президент Ақаевты қызметінен кетіру қоғамдық ұйымының екінші басшысы, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің офицерлері шақырды деп үйінен 16-шы қарашада шығып кеткен, солан бері іс-түссіз жоғалды. Президент Ақаевты қызметінен кетіру хатына осы күндері қол жиналып жатқан. Қырғызстан коммунистік партиясының басшысы Клара Ажибекова бұл ашық хатқа бізде қол жинап жатқанбыз, Тұрсынбек Ақұнов табылмаса бүкіл елге ерекше қайырыламыз деп отыр. Қырғызстан ресми орындары Тұрсынбек Ақұновтың жоғалғанын саясатқа айналдыруға болмайды, жоғалған азаматты онсызда іздеп жатырмыз дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады
-
Қарағанды облысы
Тән жарасы мен жан азабы. Зауытта зардап шеккен жұмысшының күресі