Accessibility links

Ирақтың Рамади қаласында Ұлттық ұланның 4 сарбазы мен басқа 8 кісі қаза болды


Бүгін Ирақтың Рамади қаласында бомба орнатылған автокөлікке отырған жанпидашыл лаңкес полиция кеңсесі сырында жүзеге асырған жарылыстан Ирақтың Ұлттық ұланының 4 сарбазы мен басқа 8 кісі қаза болды. Жарылыс ұлан жауынгерлері жалақы алмақ болып кезекте тұрған кезінде болған. Оларға қоса басқа 3 ұлан мен жергілікті 7 тұрғын жараланды. Жаралыларға көмек беруге Әл-Фаллуджа қаласына келген Ирақтың Қызыл Крест ұйымының қызметкерлерін АҚШ пен Ирақ күштері қалаға жібермеді. Лондонда британ премьері Тони Блэр Ирақтың вице-премьері Бархам Салихпен кездесіп, сайлау өткізу мен Ирақтағы қауіпсіздік күштерінің құрылғанына көз жеткізудің маңыздылығын тағы атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG