Accessibility links

Шығыс Еуропа мен Орта Азия аймағындағы СПИД эпимедиясының өсуі


Соңғы 2 жылда ішінде СПИД энфекциясы Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерінде 40 пайызға ұлғайды. СПИД-тің 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік күніне арнап БҰҰ-ы таратқан жаңа хабарламасына қарағанда, бүкіл әлемде СПИД дертіне шалдыққан немесе ағзасында осы дертті туғызатын вирусы бар шамамен 1.4 млн. адам өмір сүреді. СПИД-тің эпидемиясы әсіресе Ресей, Украина және Балтық теңізі жағалауындағы елдерде кең етек жайып отыр. Алайда осы дерттің Орта Азия аймағында қалайша эпидемияға айналуы жайтын біздің тілшіміз зерттеп көрген еді.

Сарапшылар Орта Азияда есірткі заттарды қанына егетін шамамен 500 мыңдай көп адам бар деп бағалайды. Олардың басым бөлігі есірткіні қанына құйғанда бір инені қолданады. Бір инені көп нашақордың қолдануы – адамның иммуно жүйесінің әлсіреуіне соқтыратын дерттің немесе СПИД-тің жұғу қатерін ұлғайтады. Қазақстанның оңтүстік астанасы - Алматы қаласының 31 жастағы Саша деген тұрғыны сондай нашақордың бірі. САША: “Әдетте олай деп айтуға болмайды. Бірақ мен нашақормын. Шындығын айтқанда, СПИД-ке ұрындыратын да осы... "

СПИД дертінің вирусы адамның иммуно жүйесін қатты әлсіретіп, адам ағзасының басқа жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабылетін төмендетеді. Бұл, өз кезегінде, иммуно жүйесінің жетіспеушілік синдромына немесе СПИД-ке душар етеді.

СПИД вирусы адам ағзасына жыныстық қатынастар арқылы да, бір инені бөлісіп пайдалану арқылы да жұғады. Алайда, сүйісу немесе бір ыдысты пайдалану арқылы жұға ма, жоқ па, оған ешқандай дәйекті айғақ жоқ. Алматы қалалық ішкі істер басқармасының өкілі Арман Жұсанбайдың пікірінше, Орта Азия елдерінде СПИД, негізінен, нашақорлардың бір инені пайдалануы салдарынан таралады:

“Нeгізі СПИД-тің таралу ошағы – осы нашақорлық қой! Себебі, бірнеше нашақор есірткіні бір инемен қабылдайды. Ол инені нашақорлар қан тамырына салып, сол бірінің бойындағы дерті ине арқылы басқалардың бойын жұқтырады.”

БҰҰ-ының СПИД-ке қарсы күресетін құрылымы Орта Азияда СПИД-ке шалдыққан адамдардың саны шамамен 32 мыңға барады деп бағалайды. Оның ішінде 16.500-і Қазақстанда, 11 мыңы Өзбекстанда, 3.900-і Қырғызстанда болса, Түркіменстан мен Тәжіксанда 200-ге жетпейді. Қазақстанның Алматы қаласында орын тепкен СПИД-ке қарсы күрестің Ұлттық орталығының өкілі Александр Косухиннің атап көрсетуінше, аталмыш дертке ұрынғандардың көбі – 30-ға толмаған жастар. Жыныстық қатынастардан жұққан жайттар ұлғая түсуде, бұл – СПИД дертінің халық арасында кең тарағандынының белгісі, деп мәлімдейді А.Косухин.

"СПИД – кәсіпқой жекөзекшелердің ортасында көп кездеседі. Олардың көбі нашақор. Жұғу бірте-бірте жыныстық қатынастарға көшеді. Басқа бір құбылыс – СПИД-ке душар болғандардың ішінде әйелдердің үлес-салмағы өсе түсуде. Мысалға, Қазақстанда 2001 жылы жуырда тіркелген сырқаттардың 19 пайызын әйелдер құраған болса, 2004 жылы әйелдердің үлес-салмағы 31 пайызға дейін ұлғайған”.

Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Шымкент Орал қалаларындағы жекөкшеллердің арасында жүргізілген зерттеуге қарағанда, олардың 14 пайызы есірткіні қанынан егетін болса, 42 пайызы тәнін есірткіге сатқан болып шықты.

СПИД-тің жыныс жолдарымен тарауы Қазақстанда етек жайып барады. 2004 жылы вирустарды жұқтырып, тіркелгендердің 25 пайызы жыныстық қатынастарында ешқандай сақтық шарасын қолданбаған. Бұл, өз кезегінде, Қазақстанда жастардың жыныстық байланыстарында “кондом” немесе “мүше қап” сынды сақтандыру құралын онша көп қолданбайтынын байқатады. Мысалға, 15 пен 24-тің арасындағы жастардың 58 пайызы ғана кездейсоқ кісімен жұптасқанында “мүше қапты” пайдаланғанын атап көрсеткен. Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы және елдер мен аймақтар арасындағы көші-қон процесі де қалың бұқара арасында СПИД-тің еркін таралуына түрткі болып отыр. Александр Косухиннің пікірінше, осы тұрғыдан келгенде кедейшіліктің қасыретін көрген Тәжікстан айрықша мысал бола алады.

"Тәжікстанға келсек, жылына 1 млн.-ға жуық халық күнін көру үшін Ресей мен ТМД-ның басқа елдеріне көшіп барады. Жекөкшелікті кәсіп еткен мигранттар СПИД-ті жұқтыруы мүмкін. Тәжікстанда мерез ауруы ауылды жерлерде кең тараған. Өйткені сырттан үйіне оралған ерлер әйелдерін немесе басқа көңілдестерін жұқтырады”.

Орта Азия аймағындағы тағы бір өзекті проблема – СПИД инфекциясымен бір мезгілде көкірек ауруының шығуы болды. Ғасыр дертімен қатар көкірек ауруының кең етек жаюы адам өлімін өсіріп, денсаулық сақтау саласының шығынын ұлғайтады. Ауруға шалдыққандармен бірге, олардың жақындары мен достары жапа шегіп қана қоймай, экономиканың дамуына да кесірін тигізеді. Халықаралық банктің жуырда жүргізген зерттеуінің нәтижесіне сәйкес, СПИД дерті айыздықталмайтын болса, 2015 жылға қарай Қазақстан мен Қырғызстан экономикаларының дамуы қарқынын шамамен 10 пайызға, Өзбекстан экономикасының дамуын тіпті 21 пайызға дейін баяулатуы мүмкін көрінеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG