Accessibility links

СПИДпен күрес күні желтоқсанның 1-інде Ресей үкіметі үйі алдына шерумен шыққан 300дей азамат СПИД дертіне кезіккендерді тегін емдеуді талап етті


Жиынды ұйымдастырушы Рукавишниковтың айтуынша, Ресейдегі 145 млндай адамнан 2 мыңы ғана СПИДтен тегін емделер екен. Санитариялық бас дәрігер Онишшенконың айтуынша, СПИД вирусын жұқтырған жастардың 80 пайызы 15 пен 29 арасындағы өспірімдер. Қазақстан денсаулық министрінің орынбасары Белоногтың есебі бойынша, Қазақстанда СПИДпен ауыратын 4500 азамат ресми тіркеліпті. Ал Қырғызстанда бұл көрсеткіш - 630 адам.

БҰҰнан ресми өкілдің айтуынша, АҚШтық сенатор Колманның айыптауына қарамастан БҰҰйымының бас хатшысы Кофи Аннан өз қызмет мерзімін соңына дейін жеткізбек. -Бас хатшы Аннан бірде бір мемлекеттен қызметтен кетсін деген ұсыныс-талап алмаған. Егер бұл мәселеде бірер дау-дамай болса қарсы емеспіз. Бірақ Кофи Аннан өзіне тиісті 2 жыл бір айлық қызмет мерзімін соңына дейін жеткізбек, - дейді БҰҰйымынан өкіл Екхард.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG