Accessibility links

Баспасөзге шолу. 12-02-2004


Тәуелсіз басылымдар келесі президенттік сайлау заң бұзушылықтар негізінде жасалса, Украиндағы оқиға Қазақстанда да қайталануы ықтимал деген болжам жасапты. Сондай-ақ тәуелсіз басылымдар “Отан” партиясының ғимаратының алдында орын алған жарылысқа қатысты әр түрлі пікір білдіріп отыр.

“Время” газетіне берген сұхбатында “Ақ жол” демократиялық партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменов Қазақстан мемлекетіне Украиндағы орын алған оқиғалардан сабақ алу қажеттілігін тілге тиек етіпті. Әлихан Бәйменов әзірше Украинда сайлау қорытындысы туралы нақты бір шешім қабылданбай тұрған мезгілде Қазақстанның ресми билігінің жұма күні Виктор Януковичті жеңіспен құттықтауын президенттің ең үлкен қателігі ретінде бағалапты. “Егер де ертеңгі күні Виктор Януович сайлауда жеңіліске ұшыраса, Астана не істеуі керек” дейді “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменов. Сондай-ақ “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменов Украиндағы президенттік сайлау бұрмалаушылықтар мен заң бұзушылықтардың зардабының аса қиын болатындығын әйгілеп берді деген пікірін білдіріпті.

“Жүздесу” басылымында жарық көрген “Украинда екі билік орнап тұр” атты мақалада оппозиция өкілдерінің Виктор Януковичке берілген 1-2 миллион дауысты мойындаудан бас тартып отырғандығы хабарланыпты. Мақалада келтірілген деректергі жүгінсек, Америка Құрама Штаты Украиндағы дауыс беру барысында жол бірілген сайлаудың қорытындыларын ресми жарияламауға шақырып отыр. “Ассошиейтед Пресс” агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Америка Құрама Штаты Президенті әкімшілігінің ресми өкілі Клер Бучан мәлімдепті.

“Жас алаш” басылымы болса, соңғы мәліметтер бойына Ющенконың жақтастарының Киевке жан-жақтан ағылып келіп жатқандығын хабарлай отырып, Украиндағы орын алған оқиғаны өз көздерімен көріп қайтқан оппозиция өкілдерінің пікірін беріпті. “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Ораз Жандосов Украиндағы жағдайдың Қазақстанға да ықпалын тигізетінін айта келіп, бұл ахуал оппозицияның бірігуіне жағдай жасауы мүмкін екендігін тілге тиек етіпті. “Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясының” өкілі Асылбек Қожахметовтың айтуынша, Грузиядағы да, Украиндағы да, Қазақстандағы жағдайдың да бірдей екендігін атап өтіпті. “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Болат Әбілов болса, егер де келешекте билік президенттік сайлауды өткендегі парламенттік сайлаудағыдай өткізетін болса, Грузия мен Украина басшыларының басындағы жағдай Қазақстанда да қайталанады дегенді айтыпты.

“Сөз” басылымында жарық көрген Шәріп Құрақбайдың мақаласында да Украиндағы болып жатқан саяси оқиғаларға талдау жасалыныпты. Шәріп Құрақбаев өз мақаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 26 қарашада Виктор Януковичті жеңісімен “құттықтап” жедел хат жолдағанына тоқтала келіп, Мемлекет басшысының бұл қадамын үлкен қателік ретінде бағалапты. Журналист Шәріп Құрақбаев Леонид Кучманың Ресейдегі Борис Ельцин сияқты өз орнына сенімді адамын тастап кеткісі келгендігін тілге тиек ете отырып, Қазақстандағы президенттік сайлау да келешекте осы сценерий бойынша дамуы мүмкін екендігі туралы болжам жасапты.

Сондай-ақ жексенбі күні “Отан” партиясы ғимратының сыртында болған жарылысты тәуелсіз басылымдар талқылап жатқан ең үлкен тақырыптардың бірі ретінде айтып өтуге болады. “Сөз” газеті осыған орай “Отан” партиясынан Парламент Мәжілісіне сайланған Серік Әбдірахманов, Төлеген Мұхамеджанов Тәңірберген Бердіоңғаровтың бұл оқиғаға байланысты оппозиция өкілдерін жазғырғандығын тілге тиек етіпті. Ал, Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділин “Сөз” газетіне берген сұхбатында арнайы қызметтің адамдары “Отан” партиясының алдындағы жарылысты оппозиция өкілдерін қудалауға сылтау табу үшін, өздері ұйымдастыруы мүмкін деген пікір білдіріпті. Серікболсын Әбділиннің айтуынша, грузиядағы революция мен Украиндағы орын алған оқиғалар билікті зәре-құтын ұшырғандықтан, олар кезекті репрессияны бастау үшін барлық айла амалды қарастырып жатыр. Осыған орай Қазақстан Коммунистік Партиясының бірінші хатшысы Серікболсы Әбдилдин билікке наразы болған мыңдаған адамдарды түрмеге жаптыру үшін Түркіменстан мен Өзбекстанда президенттікке қатысты қастандық әректтері қолдан ұйымдастырылды” деген пікір айтыпты. Серікболсын Әбділдиннің пікірінше, “Отан” партиясы биліктің айтқанынан шыға алмайтын, соның тапсырысын ғана орындайтын партия болғандықтан оның ешкімге де қажеті жоқ.

“Московский комсомолец в Казахстане” басылымы “Отан” партиясы ғимаратының сыртында болған жарылысты кімдердің ұйымдастыруы мүмкін екендігіне қатысты бес жорамалдың бар екендігін атап өтіпті. Газет тілшісінің айтуынша, бұл жарылысты өткен сайлауға наразы болған оппозиция өкілдері де, өзіне көңіл аудару үшін отандықтардың өздері де, елдегі тұрақтылықты бұзғысы келетін террористер де, Украиндағы сайлаудан шошыған билік те немесе бір-бірінен кек алғысы келген қылмыстық топтар да ұйымдастыру ықтимал.
XS
SM
MD
LG