Accessibility links

Қызметінен кетіп бара жатқан Украина президенті Леонид Кучма жаңа сайлауларды ұйымдастыратын ата заң реформасы қабылданғаннан кейін ғана бұрыңғы үкіметті таратпақ


Президент Кучма бұл жөнінде үкіметтік мәжіліс кезінде ұлттық теледидардан тікелей айтты. Сонымен Кучманың айтуынша, ата заңға өзгерту еңгізілгеннен кейін ғана жаңа үкімет құрылмақ. Ал одан алдын Маскеуде президент Путинмен болған кездесуде Кучма жаңа үкіметті парламент тағайындайды деген болатын.

-Жаңа ата заңдық реформа парламент құрған үкіметті мақұлдаумызға мүмкіндік береді. Сондықтан жаңа заңға орай нәтижесінде парламент пен үкімет елдегі саяси жағдайға жауапты болады, - деді президент Кучма.

Президент Путин Кучманы қолдай отырып, Украинада президенттік сайлауды қайтадан өткізу нәтижесіз аяқталуы мүмкін деген.
XS
SM
MD
LG