“Республика” басылымы Қытай саяжайында қысқа мерзімді демалысын өткізіп жатқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мезгілінен үш күн бұрын жұмысқа шыққандығына баса назар аударып, мұның себебін жексенбі күні “Отан” партиясы ғимаратының сыртында орын алған жарылыспен байланыстырып өтіпті.
Мақала авторы Мемлекет басшысының бұл оқиғаға аса үлкен мән беріп, тергеу жұмыстарын өз бақылауына алғандығына тоқтала келіп, бұл жарылысты ұйымдастырғандардың табылатындығына күмән келтіріпті. Мұхаметжан Әділов өз мақаласында осыдан екі жыл бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құқық қорғау орындарының қызметкерлеріне “Таң” телеарнасының фидерін атып кеткен және “Республика” басылымының кеңсесін өртеп кеткен бұзақыларды табуға тапсырма бергенімен, олардың ешқайсысының да табылмағандығына ерекше тоқталыпты.
Қазақстан Президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев “Республика” басылымына берген шағын сұхбатында “Отан” партиясының сыртында болған жарылыстың саяси астары жоқ екендігіне сенімді екендігін мәлімдепті. Сонымен-қатар Ермұхамет Ертісбаев бұл жарылысты биліктің өзі ұйымдастырды деген болжамдар да шындыққа үйлеспейді. Оның айтуынша, Парламент сайлауында жеңіске жеткен және барлық партиялардың өкілдері қатыса алатын Ұлттық комиссия құрып жатқан ресми биліктің мұндай мағынасы жоқ қадамға баруы мүмкін емес.
“Жұма таймс немесе Дата недели” апталығында жарық көрген мақаласында журналист Ермұрат Бапи 1933 жылы Рейхстаг өртеніп билік басына Гитлер келген кезде де осындай жағдайлардың орын алғандығын тілге тиек етіпті. Ермұрат Бапидың пікірінше ресми билік “саяси содырлық” деген терминді заң тіліне көшіру үшін бірнеше рет жарылыс жасады деп есептейді. Мақала авторы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Нартай Дүтбаевтың соңғы уақыттардағы “Қазақстанға терроризм тақап қалды” деп жасап жатқан мәлімдемелерінің бәрі де оппозицияны ауыздықтау үшін жасалып жатқан қадамдар болуы ықтимал деген қорытынды жасапты.
“Сөз” газетінде жарық көрген Гүлжан Ерғалиеваның мақаласында “Отан” партиясы ғимаратының сыртында болған жарылыс оппозицияға қарсы жаңа репрессияны бастау үшін билік тарапынан жасалып жатқан әрекеттер болуы мүмкін екендігі айтылыпты. Алайда “Отан” партиясы төрағасының орынбасары Амангелді Ермегияев “Сөз” газетінің сауалдарына берген жауабында партия басшылығының бұл әрекеттердің артында ешқандай саяси күштер тұр деп есептемейтіндігін айта келіп, осы оқиғаға қатысты ең алғашқылардың бірі болып өз алаңдаушылықтарын білдірген Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясына алғысын білдіріпті.
“Караван” апталығының хабарлауынша, бұл жарылыстың қатты болғандығы соншама күл паршасы шыққан телефон кабинасының қалдықтары жолдың арғы жағына шейін жеткен. Мақала авторының айтуынша, бұл жарылыс Қазақстандағы құқық қорғау орындарының қаншалықты қырағы екендігін тексеру үшін жасалған жарылыс болуы ықтимал. “Караван” апталығының тілшісі Олег Ғұбайдулин осындай жарылыс жасау негізінде қылмыскерлер “Отан” партиясы ғимаратының кеңсесінің жанында орналасқан коммерциялық мекемелердің бірін тонап кетуді көздеуі де мүмкін деген болжам жасапты. Газетте келтірілген деректерге сүйенсек, қазіргі кезде жарылғыш заттарына қатысы болған және бар адамдардың бәрі тексеріліп жатқан көрінеді.
“Комсомольская правда” газетінің “Қазақстан” қосымшасында жарық көрген Владимир Третьяковтың мақаласында осы уақытқа шейін “Отан” партиясы ғимаратының сыртында болған жарылысқа байланысты ештеңе айта алмай отырғандығы айтылыпты. Мақалада сондай-ақ осы жарылыс кезінде жарақат алған екінші курстың студенті Жанат Ыстамбековтың аяғынан жараланып, миының шайқалғандығы хабарланыпты. Мақалада мысалға келтірілген әскери ғылымдардың докторы Леонид Бақаевтың болжамына сүйенсек, бұл терроистік акті болуы ықтимал. Сарапшының айтуынша, қаланың қақ төрінде жарылыс ұйымдастыру арқылы терорршылар Қазақстанда да белсенді қызмет жасап жатқандығын көрсеткісі келуі мүмкін. Сарапшының тағы бір болжамы бойынша, Қазақстандағы оппозициялық күштердің беделін кетіру үшін де мұндай жарылыстың ұйымдастырылуы ықтимал.
“Панорама” апталығы “Отан” партиясы ғимаратының сыртында орын алған жарылыстың оппозициялық партиялардың алаңдаушылық білдіріп мәлімдеме жасауына мұрындық болғандығын хабарлапты. Аталмыш мәлімдеме арқылы оппозициялық партиялар Қазақстандағы ұлттық немесе діни экстремизмнің пайда болуына ешқандай да негіз жоқ деп есептейтіндігін білдіріпті.