Accessibility links

Ресей президенті Вл. Путин Үндістанға үш күндік сапарын бастады


Үндістанның премьер-министрі Манмохан Сингхпен жане Сыртқы істер министрі Натуар Сингхпен кездесті. Бұл сапар барысында түрлі саланы қамтыған 10-ға жуық келісімге қол қойылуы тиіс. Ресей мен Үндістан сондай-ақ террорға қарсы бірлескен күрес-қимыл декларациясын да қабылдамақшы. Кездесулерден кейін өткізілген баспасөз- мәслихатында Ресей президенті Вл. Путин Үндістанның БҰҰ-ң Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше болуына қолдау білдіретіндігін айтқан. -Әрине Үндістан біздін стратегиялық әріптесіміз, егер Қауіпсіздік кеңесінің аймақтық шартпен кеңею маселесі сөз болып жатса, біздің ойымызша бірнші кезекте Үндістан тұр,-деп атап көрсеткен ол. Қазіргі таңда Қауіпсзідк кеңесіне бес ел ғана тұрақты мүше.
XS
SM
MD
LG