Accessibility links

Ирақтың шийт мұсылмандары өздерінің жеке автономиялық ауданын құрмақшы.


ӘН-НАДЖАФ: Ирақ халқының шамамен 60 пайызын құрайтын шийт мұсылмандары елде өздерінің жеке автономиялық ауданын құруды көздеп отыр. Ол жайында шийттердің 600-ге жуық көсемі бас қосқан Ән-Наджаф қаласында кеше жарияланды. Ондай шешім Ирақты федералдық мемлекет деп жариялаған уақытша конституцияға қайшы келмейді. Шийт мұсылмандары елдегі жаппай сайлаудың белгіленген мерзімі – 30 қаңтарда өтуін қызу қолдап отыр.
XS
SM
MD
LG