Accessibility links

Ж.Құлекеев білім және ғылым министрі лауазымынан кетті


Қазақстанның білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев министрліктің департамент пен бөлім басшыларының жиналысында өзінің лауазымнан кететінін хабарлады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев оның қызметтен кетуін қолдаған. Ол жайында ҚазААГ –іне министрліктің аппарат басшысы Серікжан Қанаев хабарлады. Бұған дейін Жақсыбек Құлекеевтің министр лауазымынан кетуін республиканың студент жастары бірнеше рет талап етіп, бірақ, неге екені белгісіз, министрдің орнына, оның бірінші орынбасары болған әйел кісі қызметтен босатылды. Оған Қазақстанның іскер әйелдері ассоциациясы наразылық білдірді.
XS
SM
MD
LG