АҚШ президенті Дж.Буш Иран мен Сирияны Ирақтың ішкі істеріне араласты деп айыптаған Ирақ өкілдеріне ілесіп, аталған екі елге ескерту жасады. Президент Дж.Буш Вашингтондағы бұл ескертуін – Ирақтың уақытша қорғаныс министрі Хазим Аш-Шаланның Ирақтағы террористік қастандықтарды Иран мен Сирия ұйымдастырып жатыр деп айыптауынан кейін жасады. Аш-Шалан Иранды Ирақтың хас жауы деп атады: "Біз терроризмнің кілті Иранда екенін анықтадық. Бұл ел, менің бұрын да айтқанымдай, Ирақтың бірінші жауы болып табылады”.
Теһран мен Дамаскі өздерінің Ирақтағы терроризмге шатысы барлығын түбегейлі жоққа шығарады.