Бейсенбі күні Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хусеин АҚШ армиясының қолына түскен 1 жылдан бері алғаш рет адвокатымен кездесті. Оның адвокаттары ұжымының жетекшісі Зияд Әл-Хасаунидің айтуынша, С.Хусеин онымен өзін қамауда ұстап отырған абақты жайын талдаған. Адвокаттың атап көрсетуінше, Саддамның денсаулығы жақсы, көңіл-күйі де көтеріңкі көрінеді. Бұрынғы диктатордың үстінен сот процесі Ирақтағы 30 қаңтарда өтетін парламент сайлауынан кейін басталады деп күтілуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия азаматтары
Ресейде еңбек мигранттарына әскерден бөлек экономика да мұқтаж
-
"Саяси қудалау"
Супермарафоншы Марат Жыланбаевтың жабық соттағы соңғы сөзі