Еуропа Одағының саммитінде бүгін Брюссельде Түркияның одаққа қосылу келіссөздерінің ашылу шарттарында келісім табылды. Бұл туралы есімдерін жариялағысы келмеген кейбір дипломаттар айтты, ресми мәлімет әзірше жоқ. Түркия алдымен Кипр үкіметін іс жүзінде мойындасын, тиісті келісімге қол қойсын деп талап айтылған болатын кеше. Түркияның Еуропа Одағына өту келіссөздеріне жол келесі жылы қазан айында бұдан соң ашылмақ. Кипр 1974 жылы екіге бөлінгені аян. Грек Кипр республикасы биыл Еуропа Одағына өткен, Кипрді біріктіру жоспары іске аспай қалған болатын.