Жексенбі күні Түркіменстанда парламент сайлауы болып өтті. Түркімен парламентіндегі депутаттық 50 орынға – осы елдегі жападан-жалғыз “Демократиялық партиядан” ұсынылған 131 үміткер дауысқа түсті. Ресми биліктің мәлімдеуінше, сайлау дауыс берушілердің айтарлықтай белсендігімен – барлық сайлаушының 77 пайызға жуығының қатысуымен өткен. Сайлауға шетелдік бақылаушылар жіберілмеді. Оның нәтижесі 10 күннен кейін жарияланады.
Түркімен парламентіндегі 50 орынға – бір ғана “Демократиялық партиядан” 131 үміткер дауысқа түсті
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Ескертусіз, қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV