Ресейдің мемлекет меншігіне қарайтын Газпром мен өзге ірі мұнай компаниялары кеше Мәскеуде болып өткен аукционда ЮКОС корпорациясының негізгі шикізат өндіруші “ЮганскНефтеГаз” компаниясын сатып алған “БайкалФинансГруп” фирмасына ешқандай шатысы жоқтығын мәлімдеп отыр. Тверь қаласында тіркелген, бірақ көпшілікке белгісіз “БайкалФинансГруп” компаниясы “ЮганскНефтеГаз” активтеріне 9.3 млрд. доллар ұсынды. Аукционға қатысқан Газпромның еншілесі өз ұсынысын жариялаудан бас тартты. Егер “БайкалФинансГруп” сатып алған “ЮганскНефтеГаз” активтері үшін 9.3 млрд. доллар құнын екі аптаның ішінде төлей алмаса, ол қайтадан мемлекеттің меншігіне өтеді.
“БайкалФинансГруп” “ЮганскНефтеГаз” активтері 9.3 млрд. долларды екі аптаның ішінде төлей алмаса, ол қайтадан мемлекеттің меншігіне өтеді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?