Accessibility links

Түркмен ресми орындары жексенбі күні елде өткен Парламенттік сайлауларға сайлау құқығы бар азаматтардың 77 пайызы қатысып, Парламенттің 50 депутатын сайлады деп хабарлап отыр


Осыдан бес жыл бұрынғы сайлаулар кезінде ресми мәліметтерге сай 99,6 пайыз сайлаушы дауыс берген. Депутаттыққа үміткерлердің бәрі де өмірбақилық Президент Сапармұрад Ниязовтың партиясынан болған, оппозицияның сайлауға қатысуына мүмкіндік берілмеді. Түркменістанның ресми билігі Парламенттік сайлауларға шет елдік бақылаушыларды шақырудан бас тартқан болатын.
XS
SM
MD
LG