Accessibility links

Өзбекстан Парламент сайлаулары әділ әрі еркін өте ме? деген сауалға жауап ізделуде


Желтоқсанның 26-сы, жексенбі күні Өзбекстанда Парламенттік сайлаулар өтпекші. Оппозициялық партиялар сайлауларға тікелей түрде қатыстырылмайтын болып отыр. Сондытқан олар сайлаушылардың бұл науқанға қатыспауына шақыруда. Алайда, аталған сайлаулар қорытындылары сайлаушылардың өзін аса алаңдатпайтын сиақты. Дей тұрғанмен, елге Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы шектелген көлемде ғана бақылаушыларын жіберіп отыр. 120 орындық Мәжілсіке өкіметшіл бағыттағы бес партия өкілдері және кейбір азаматтық топтар өкілдері таласпақшы.

Оппозициядағы партияларды сайлауға қатыстырмау арқылы-ақ, Өзбек өкіметі жалған сайлауларға жол ашып отыр. Ал, Төменгі заң шығарушы шатыр үшін бақ сынамақшы бес партия да елбасы Ислам Каримовты қолдайтындықтарын жария төрде мәлімдеген болатын.

Атап айтқанда, Демократиялық халық партиясы, Әділет партиясы, Социал-демократиялық партия, Милли Тикланш және Фидокорлар партиялары мен Либерал-демократиялық партиялары жалпы тіркелген 517 үміткердің ішіне өз өкілдерін енгізген. Өзбекстан Әділет министрлігі болса, Ерік, Бірлік және Озод Дехқонлар сияқты оппозициялық партия тарапынан ұсынылған арыздарды қабылдамай қойған болатын. Батыстық талдаушылардың пікірінше Өзбек билігі қазірдің өзінде жалған сайлаулардың болатындығына осылайша негіз салып қойған-ды. Ал, елбасы Каримов болса, желтоқсанның 2-сі күні бұл сайлаулар еркін де әділ болады, деген еді. Ерік және Озод Дехқонлар партиялары өзбек сайлаушылары мен халықаралық қауымдастықты бұл сайлауларға бойкот жариялауға шақырған болатын. Оның себебін Ерік партиясының қуғындағы басшысы Мұхамед Салих былай деп түсіндіруде: “Қазіргі жағдайда біздің таңдайтын жалғыз жолымыз- ол сайлауларға бойкот жариялау. Себебі өкіметтің нұсқауы арқылы өткізілгелі отырған мұндай сайлауға қатысуға ықылас білдірудің өзі өкіметті және ол сайлауларды заңдастыруға мүмкіндік береді деген сөз. Мұның өзі оппозицияның мақсаттары және демократиялық идеяларға жасалған қианат болар еді”.

Бірлік оппозициялық партиясы болса керісінше өз мүшелерін елдің қарапайым азаматтары ретінде тіркетуге тырысқан болатын. Олар сондай-ақ сайлауларды да бақыламақшы. Партияның АҚШ-та отырған басшысы Абдурахим Полатттың айтуынша, тек еркін елде, азаматтық қауымдастығы мықты дамыған және тәуелсіз баспасөзі бар мемлекетте ғана сайлауларға бойкот жариялауға болады. Себебі, осындай шарттар жағдайында ғана көпшілік халыққа әсер етуге болар еді.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Демократя және адам хұқықтары бойынша ұйымының өкілі Урдур Гуннарсдоттир ханым аталған сайлауларға байланысты: “Біздің шағын ғана бақылаушы тобымыз Өзбекстанда болады. Қазіргі кезде Өзбекстанда 21 бақылаушымыз бар. Олар мұнда желтоқсанның басынан бері жүр. Дей тұрғанмен жексенбі күні сайлаулардың қалай өтетіндігін күтуіміз және көруіміз керек”,-дейді. Ал, Адам хұқықтарын қорғау ұйымы, елдегі сайлау алды әділетсіздіктерді айта келіп, халықаралық бақылаушыларды жіберу қадамдарын өткір сынаған болатын. Ташкендегі тәуелсіз әлеумет танушы Баходир Мұсаевтің пікірінше Ташкендегі Ресей елшілігі ел өкіметіне сайлауларды қолайлы өткізуге көмектесуде.

Ресми Ташкентке көмектесетін тағы бір ел- Құрама Штаттары. 1999-шы жылғы Парламенттік сайлауларды сынағанымен, одан кейінгі аралықта, лаңкестікке қарсы күресте бұл екі ел одақтас болған, дейді сарапшы.
XS
SM
MD
LG