Кеше сейсенбіде болған ол шабуылдан кемінде 22 адам қаза тапқан болатын. Соққы шатыр ішінде американдық әскерлер және келісіммен келген қызметкерлер тамақтанып отырған кезге тура келген. Ол арада 15 американдық жане 2 ирақ азаматы қаза тапқан. Жарақат алған 66 кісінің 42 АҚШтан.
Президент Буш қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қалай болғанда да Ирақта демократия жеңіске жетеді деген.
-Ирақта демократия табысты болып, азат Ирақта бейбітшілік орнайтындығына сенімдімін. Сондықтан ол жауапты миссияны атқарып жүргендерге Алла жар болсын,- деген президент Буш.
Бұл арада бүгін Бағдадқа Франция сыртқы істер министрі Барниер ұшып келіп, 4 ай бойы кепілдік тұтқында отырған 2 француз журналистерін өз еліне алып қайтқан.