"Адамдармен бірге адамдар үшін" деп аталатын ұйымның жетекшісі Аманбай Сәтібаев өз тобы президент Асқар Ақаевтың өкілеттігін 2010 жылға дейін ұзарту үшін референдум өткізуді жақтайтын 300 мың қол жинай алады дейді.
Үкіметтік ұйымның мұндай әрекетін жақында құрылған "Атажұрт" деп аталатын оппозициялық топ жетекшілерінің бірі Адахан Мадумаров, бұл биліктің жасап отырған әрекеті деп сынға алған.
Ақаев 1990 жылдан бері Қырғыз мемлекетін басқарып келеді. Қырғыз Конститутциясы бойынша Ақаев алдағы қазан айында президенттік екінші мерзімі аяқталған соң қызметінен кетуі тиіс.
Қырғызстандағы үкіметтік топ Асқар Ақаевтың өкілеттігін ұзарту жөнінде референдум өткізуге шақырған 30 мың қол жинадық деп мәлімдеген
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақстан тәуелсіздігін жарияласын деп талап қойғандар неге қудалауға түсті?