Украинаның оппозициялық кандидаты Ющенко өз қолдаушыларын жексенбі күні болатын дауыс берулерге қатысу жай ғана серуенге шығып қайту болмайды деп ескертіп, қайта сайлауда жеңіске жетуге шақырды.
-Ешқандай да алдау мен көзбояушылық болмау үшін жане жеңіске толық жету үшін әр адам сайалуға қатысып, өз дауыстарын беруі қажет,-деген Ющенко, 26 желтоқсандағы қайта сайлау оппозиция үшін оңай болмайды, өйткені дауыс берулердің натижесіне әсер еткісі келетін күштер қазір де бар деп атап көрсеткен.
Ал Ющенконың президенттік сайлаудағы қарсыласы Янукович оппозицияның қызғылт сары түсті белгісіне сілтеме жасай отырып, өз бәсекелесін қызғылт сары төңкеріс жасаушы деп айыптады:
-Бұл сайлауда қызғылт сары төңкерісті қолдауға барғандардың бәрі Украин халқына қарсы шыққандар, олар бұл жердің нағыз қожайыны болатындарға қарсылар, мұны бәріне де айтыңдар,жеткізіңдер,-деген Янукович.