Accessibility links

Сейсенбі күні Ирақтың солтүстігінде әскери асханада болған жарылыс өзін-өзі жарған жанкештінің әрекеті болуы мүмкін


Американдық штаб басшылары бірлескен комитетінің төрағасы, генерал Ричард Майерс бұл жөнінде кеше Пентагонда журналистер алдында мәлімдеген. -Бұл жағдайда жарылғыш затты алып келіп, оны өзімен қоса жарған деген ой түюге болады,-деген генерал. Мәлімдемеде бомба жарушы американдық әскери базаға 18 әскер мен төрт Ирақ тұрғынын құрбан еткен жарылыстан бұрын еніп алған деп айтылады. Кеше американдық күштер Мосул қаласының кейбір бөліктерін қоршап, жарылысқа қатысы бар деп күдіктелгендерді іздестірген. Кеше сондай-ақ Ирақта төрт ай бойына кепілдікте ұсталған екі француз журналисі үйлеріне аман-есен оралды. Франция премьер-министрі Жан Пьер Раффарин оларды босату үшін ешқандай төлем төленген жоқ деп айтқан.
XS
SM
MD
LG