Ирақ уақытша үкіметі шенеуніктерінің айтуынша, алдымен батыстағы Андалус қаласынан 2 мыңдай адамның келуіне мүмкіндік туған. Билік өкілдері қайтып оралғандардың әрқайсысына 100 доллардан,ал соғыста қирап-талқан болған баспаналарын жөндеп алуға 10 мың доллардан өтемаққы берілетін болады дейді.
Бағдадтың оңтүстігіндегі Латифиа жанындағы бақылау-өткізу бекетінде көлікте болған жарылыстан Ирақ жасақтары мен жай тұрғындар бар 9 адам опат болған.