Accessibility links

Палестиндіктердің жергілікті сайлаудағы белсенділігі жоғары болған


Сайлау комиссиясы өкілдерінің хабарлауынша Батыс жағалауда 1976 жылдан бері бірінші рет өткізіліп отырған жергілікті кеңес сайлауына қатысушылардың белсенділігі өте жоғары болған. Барлық 26 ауданда сайлаушылардың 90 проценттен астамы дауыс берді дейді сайлау комиссиясының адамдары. Соңғы 30 жылда қала мен ауылдардың әкімдерін және олардың кеңесшілерін сайлау бірінші рет өткізілді. Премьер-министр Ахмед Курей бұл сайлаулар демократия мен Палестина мемлекеттігі жолындағы алғашқы қадам деп бағалады. Жаугерлік Хамас тобы сайлауға өз кандидаттарын шығарған болатын, алайда топ жетекшілері 9 қаңтарға белгіленген Арафаттың мұрагерін, демек Палетсиннің жаңа президентін сайлау науқанына бойкот жариялаймыз деп айтқан. Муниципалды сайлау қорытындысы сенбіде белгілі болады.
XS
SM
MD
LG