Accessibility links

Президент Арал өңірі тұрғындарына жасалып келген заттай-материалдық жеңілдіктерді біржола тоқтату туралы заңға қол қойды


Арал өңірінің тұрғындарына көрсетілетін заттай-материалдық жеңілдіктер 1999 жылдан бері тоқтап қалған болатын. Содан бері Арал жұртшылығы Перзидентке, Үкіметке өкпе-ренішін білдіріп келеді. Ал, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған жеңілдіктерді бір жола жоюды көздейтін заңға қол қоюы аралдықтардың апат аймағы тұрғындары ретінде өтемақы алу үмітін біржола үзді.

Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағи Абатовтың айтуынша, Арал аймағы тұрғындарына тиесілі жеңілдіктер 1992 жылдан тоқтатыла бастаған. Үкімет 2001-жылдан бері сол жеңілдіктерді қалпына келтіруге уәде беріп келеді екен. Ал, Қызылорда облыстық әлеумтеттік қорғау басқармасының бастығы Майдаш Мәселиева болса, Арал өңіріне бұрын көптеген жеңілдіктер болып келген. «Бірақ, ол жеңілдіктер кезінде арнайы қаулымен тоқтатылған соң, қаулыны орындамауға шарамыз қалған жоқ»,- дейді. Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағи Абатов соңғы кездері бұл өңірдегі жасамыс адамдардағы кездесіп отырған ауру сырқаулардың жастарды да дендей бастағандығын, әсіресе, жастар арасында «суйцид», яғни, өзіне өзі қол салу оқиғаларының жиі кездесетіндігін айтып отыр.Арал қаласының тұрғыны 21-жастағы Гүлмира Темірбаева: » Үйдегі төрт баланың үлкенімін. Әке-шешем жұмыс істемейді. Мамандығым жоқ. Шешем, әкем, аға-інілерім де экологиялық зардап салдарынан ауырады»,-дейді.Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағи Абатов Қызылорда облысына әкімдік еткен Серікбек Нұрғисаевтың халыққа қараспақ түгілі оған кереғар әрекеттер жасап, «Арал апат аймағы» мәртебесін алып тастау жолындағы әрекеті үшін қызметінен қуылғандығын айтады. Ал, Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау жөніндегі вице-министрі Гүлшара Әбдіхалықова: «Арал өңірі тұрғындарына тиесілі заттай-материалдық жеңілдіктер жаңа жылдан бастап біржола алынып тасталады да, оның орнына Семей-және Арал өңіріне қатысты үкіметтік бағдарлама қабылданады»,-дейді. Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбилянов болса, Парламент қабырғасында Арал өңірі туралы бағдарлама жасалып жатқандығын оның жақын арада жалпы отырысқа шығарылатындығын хабарлады. Әзірге Арал өңірінің тұрғындары бағдарлама баспасөз бетінде жарияланбай сене алмайтындықтарын айтып отыр. Аралдық тұрғындар Шәкірат Дәрімбетов, Жақып Жұмабай, Жамаладдин Садық бағдарламаның бүкілхалықтық негізде болмаса да түрлі партиялардың талқылауына ұсынылғанын жөн көреді.
XS
SM
MD
LG