Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гүл 2 күндік сапармен Израильге келіп, бүгін-ақ Израиль президенті Моше Кацавпен, Израиль премьері Ариэль Шаронмен және сыртқы істер министрі Силван Шаломмен кездеседі. Оның барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық, Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздің болашағы және басқа да халықаралық мәселені талдайды деп күтілуде. Сәрсенбі күні Абдулла Гүл Палестина лидерлерімен келіссөзге отырады. Тель-Авив пен Анкараның арасында ауқымды сауда және әскери қарым-қатынасы бар. Бірақ өткен мамыр айында Түркия премьері Реджеп Тайып Эрдоган Израильдің “Хааретц” газетіне берген сұхбатында Тель-Авивті мемлекеттік терроризм саясатын ұстанып отыр деп айыптағанында, Израиль өкілдері жағасын ұстады.
Түркияның сыртқы істер министрі Израиль президентімен, премьерімен және сыртқы істер министрімен кездеседі
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?