Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, жергілікті уақытпен сағат 11.15-те Алматы әуе жайына қонған ұшақпен табиғи апаттан таңғажайып жағдайда аман қалған 10 айлық сәби Марк Алексеев пен оның әжесі Лидия Каралкина және Марктың тоғыз жасар ағасы елге оралды. Нәресте Марк Алексеевті осыдан бірнеше күн бұрын Кхаулак ауданының жергілікті тұрғындары үрлемелі матраспен су бетінде ағып бара жатқанында құтқарып қалған болатын.
Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері түстен кейін Қазақстанға жеткізілген азаматтардың толық аты-жөндері мен қызмет орындарын анықтау жұмыстарын бастады. Министрліктің баспасөз қызметі сейсенбі күні түстен кейін төмендегідей мәлімет тартты:
«Біз елге жеткізілгендердің саны шамамен 140 адам деп жобалап отырмыз. Себебі, кейбір тізімдерде аты-жөні екі-үш рет жазылып кеткен немесе әлі келмеген адамдар бар. Мысалы, бір бортпен келген адамдар екінші борттағы адамдардың тізімдерінде қоса жүр. Сондықтан келгендердің тізімін анықтау үшін уақыт керек болып жатыр. Бүгін кешке дейін нақты санды анықтап, жария етпекшіміз».
Ұшақпен жеткізілгендердің 57-сі Қазақстан азаматы. Олардан өзге Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтар да бар. Бүгін кешке және қаңтардың 5-інде бортында Қазақстан азаматтары бар қосымша тағы үш рейс Бангкоктан Алматыға оралады деп хабарланып отыр. Табиғат апатынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.
Апат аймағында тағдырлары белгісіз болып отырған қазақстандық үш азаматты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Гуманитарлық жүк тиеген қазақстандық “Ил-76” ұшағы бүгін таңғы сағат 5-тер шамасында Шри-Ланканың Коломбо қаласындағы әуежайға сәтті қонғаны туралы хабар жетті.
Қазақстан тарапынан жасалған көмек 10 күн бойына 4 мыңнан астам жанды азық-түлікпен, 1 мыңға жуық адамды алғашқы медициналық көмекпен, 12 мыңға таяу кісіні гигиеналық заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
Қазақстаннан табиғат апаты болған елге барған ұшақтың бортында азық-түлік, дәрі-дәрмектер, гигиеналық және дезинфекциялайтын заттар бар. Бұл заттар зардап шеккендерге тапсырылып жатыр. Гуманитарлық жүк апарған ұшақ сейсенбі күні кешке Қазақстанға қайта оралуы тиіс.