Accessibility links

Жер сілкінісі мен цунами зардаптарына қарсы тұру ісін Жакартадағы саммитке жиналғандар ақылдасуда


Табиғат апатынан зардап шеккен Оңтүстік Азия елдеріне 4 миллион доллар шамасында көмек көрсетуге әлемдік қауымдастық уәде беріп отыр. Саммитке жиналғандар сол уәде етілген көмектің тез арада көрсетілуіне шақыруда. Олар сонымен бірге цунамиден алдын-ала хабар беретін халықаралық жүйе орнату жоспарын да алға тартпақшы. Индонезия елбасы Сушило Бамбаң Юдхойно сөйлеген сөзінде былай деді. “Төтенше көмектерді көрсетуге ұмтылыс жұмыстары тиімді және кешеуілдеусіз жүргізіліп жатқандығына сендіруге рұқсат етіңіздер. Тек уақыттың қысқалығы ғана қиын мәселе болып тұр. Орташа және ұзақ уақыт аралығында біз адамдар өмірін және адамзат қауымдастығын қайта қалпына келтіру сияқты күрделі сауалмен бетпе-бет келіп тұрмыз. Инфрақұрылымдар қайта салынып, өмірсүруге қажетті бұлақтар қайта қалпына келтірілуі тиіс”, деді елбасы.
XS
SM
MD
LG