Accessibility links

Қырғыз оппозициясының басшысы сайлауға жолатылмай отыр


Қырғыз оппозициялық "Атажұрт" қозғалысы басшыларының бірі Роза Отынбаева сайлау комиссиясын сотқа беремін деп мәлімдеді бүгін. Сайлау комиссиясы Роза Отынбаеваны ақпан айында болатын парламенттік сайлауға кандидат ретінде тіркемей қойды. Менім заңгерім, қолдайтын адамдарым бар, шешімді жоққа шығаратын шараларға жүгінеміз, - деді Роза Отынбаева. Роза Отынбаеваны тіркемей отырған комиссияның әрекетін оппозиция саяси кедергі деп қабылдады.
XS
SM
MD
LG