Ирак полициясының ірі қару-жарақ қоймасын анықтау жөніндегі операциясына Украина және Қазақстан жасағы қатысқан. Арасында 35 авиациялық бомба бар қару-жарақтар үш көлікпен арнайы орынға жеткізіліп, оларды түсіргеннен кейін қуатты жарылыс болған.
Жарылыс салдарынан қазақстандық бір жауынгер қаза тауып, төртеуі жараланғаны туралы ақпарат тарады. Сол сияқты, украиналық жеті жауынгер қаза болып, жетеуі түрлі деңгейде жарақат алған. Оқыс оқиғаға байланысты Қазақстан жұртшылығы Ирактағы бітімгершілік жасағының қызметін тоқтату жөнінде мәселе көтеріп жатыр. Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Әубәкір Смайыловтың айтуынша, оқиға Васит провинциясында болған.
- Кезекті тапсырманы орындау барысында украиналық бітімгершілермен бірлесіп жоюға арналған жарылғыш заттарды автокөліктен түсіру кезінде оқыс жарылыс болған, - дейді Әубәкір Смайылов.
Қазақстанның инженерлік саперлік жасағы Ирактағы тұрақтандырушы күштер құрамында бітімгершілік міндетті орындау үшін парламенттің 2003 жылы мамырдың 30-ында қабылдаған қаулысына сәйкес жіберілген болатын. Парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Серік Әбдрахманов 2003 жылы Иракқа жасақ жіберуге қарсы болғандығын айтады.
Ал сенатор Зәуреш Батталова Ирактағы соғыс қимылдарының ұзақ жылдарға созылатын түрі бар екендігін айта келіп, "қазақстандық бітімгершілік жасағын жедел қайтару қажет" деген пікір білдірді.
Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Әубәкір Смайылов «Қазақстанның әскери қызметшілерінің мәртебесі мен олардың отбасын әлеуметтік қорғау туралы» заңға сәйкес, халықаралық күштер қатарында болып зардап шеккен әскерилерге барлық жағдай жасалатындығын айтады.
Оқыс оқиға жөнінен құлақтанған қала жұртшылығының өкілдері Азаттық радиосына білдірген пікірлерінде Қазақстанның Ирактағы бітімгершілік жасағын қайтаруды жақтап отыр.
Қазақстан патриоттары партиясы төрағасының орынбасары, генерал Айтқали Есенғұлов "үкімет жіберген қателігін тез арада қалпына келтіруі қажет" деген пікір айтты. Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Әубәкір Смайыловтың айтуынша, қазір Қазақстанның Ирактағы бітімгершілік миссиясын Нұрлан Шаштыбаев басқаратын 3-ші жасақ атқарып жүр. Ірі операция барысында қаза тапқан шығысқазақстандық капитан Қайрат Құдабаев Түркия қарулы күштері қатарында шыңдалған екен. Иракта болған уақытта қазақстандық жауынгерлер жүздеген мың жуық жарылғыш заттарды залалсыздандырған.