Accessibility links

М.Аббас – Палестинадағы президент лауазымында марқұм Я.Арафаттың мұрагері


Палестинаны азат ету қозғалысының төрағасы Махмұд Аббас – президент сайлауының жеңімпазы болып ресми түрде жарияланды. Сайлаудың соңғы нәтижесіне сәйкес, М.Аббасты сайлаушылардың 62.3 пайызы, ал оның басты бақталасы Мұстафа Бархутиді – 20 пайызға жуығы қолдап дауыс берген. ЕуроОдақ басшылығының өкілі Хавьер Солана М.Аббаспен кездесіп, оны жеңісімен құттықтады және Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзді алға жылжыту үшін ЕуроОдақ қолын созуға дайын деп мәлімдеді. Палестинадағы экстремистік тпотардың бірі – Хамастің өкілі М.Аббаспен ынтымақтасқысы келетінін хабарлады. АҚШ, Франция, Израиль де Палестина мен Израиль қатынастарының болашағына жақсы үміт артатындарын айтысты.
XS
SM
MD
LG