Accessibility links

Израил премьер-министрі Ариел Шарон Махмұд Аббасты құттықтамақшы


Ол бүгін Махмұд Аббасқа телефон шалып, Палеситна президенті болып сайлануымен құттықтап, жуық арада кездесуге шақыратын боламын деп айтқан. Аббас сейсенбі күні Израилмен бейбітшілікке қол жеткізу үшін көп нарселер жасау керек деп атап көрсеткен: -Біз сайлау істің басы да, соңы да емес екенін білеміз. Біз халықаралық заңдылықтарға негіздеглен әділетті бейбітшілікке жету үшін көп жағдайды жасау керек деп білеміз,-деген Аббас. Бүгін таңертеңгісін Палестина жауынгерлері Газа секторындағы еврей қоныстарына кемінде бес миномет жіберген, тағы біреуімен шекарадағы Израил қаласын көздеген. Шығындар жөнінде ақпарат деректер жоқ.
XS
SM
MD
LG