Accessibility links

Қажылықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Сауд Арабиясы 50 мыңнан астам полициясын жұмылдырады


Сейсенбі күні басталатын қажылыққа биыл Сауд арабиясы 2 млн.-нан астам қонақты қабылдауға дайын. Ресми Әр-Риадтың мәлімдеуінше, жыл сайынғы қажылық барысында төтенше оқиғалардың алдын-алу үшін қауіпсіздіктің қатаң шаралары қабылданған. Патшалықта талай террористік қастандықты жүзеге асырған Әл-Қаида ұйымының шабуылдарын ауыздықтау шаралары, сондай-ақ, қажылыққа келген қалың бұқараның өткен жылғыдай 250 адамның қазасына соқтырған жаппай дүрлігіп жапа-тармағай қашуына жол бермеудің жолдары да қарастырылған. Осы шараларға ішкі істер министрлігі 50 мыңнан астам қызметкерін жұмылдырып отыр.
XS
SM
MD
LG