Accessibility links

Хорватияның қазіргі басшысы келесі 5 жылға президент болып қайта сайлынды


Хорватиядағы президент сайлауының екінші турында қазіргі мемлекет басшысы Стипе Месич жеңіске жетті. Билік басындағы консервативтік Хорватияның демократиялық партиясы өзі ұсынған үміткері Ядронко Косор ханымның жеңіліс тапқанын мойындады. Берілген барлық дауыстың 99 пайызы есептелген соң, С.Месичтің 66 пайыз, ал Я.Косор ханымның 34 пайыз дауыс жинағаны мәлім болды. 70 жастағы президенттің басшылығымен Хорватия 2009 жылға қарай ЕуроОдаққа мүше болып кіреді деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG