Accessibility links

Оралдағы зиялы қауым қалаға "Жайық" атауын қайтаруды сұрайды


Екі ғасырдан астам уақыт бұрын екінші Екатерина патшаның жарлығымен Орал болып өзгертілген қаланы тарихи өз атауымен, яғни Жайық қаласы деп атау туралы ұсыныс айтылып жүр. Бірақ қала басшылығы

Осыдан 230 жыл бұрын Ресей патшасы екінші Екатеринаның жарлығымен Жайық өзені Орал деп аталды. Жайық қаласы да Орал деп өзгертілді. Сол сияқты, қалада тұратын казактарды "оралдықтар" деп ресми атау туралы жарлық жасады.

«Қазақстанның халық ақыны» Қатимолла Бердіғалиевтің айтуынша, қазірде Батыс Қазақстан облысында зиялы қауым өкілдері қаланың тарихи атауын қалпына келтіру туралы қаншама ұсыныстар жасаса да облыс басшылығы қаланың бұрынғы атауын қайтаруға асығар емес.

- Облыс басшылығының қаланың бұрынғы атауын қайтаруға асықпауының бір сыры - "Орал" сөзінің түрік тілінен келген есім екендігіне байланысты, - дейді Қатимолла Бердіғалиев.

Батыс Қазақстан облыстық тіл басқармасының ономастика бөлімінің меңгерушісі Бақтығали Тілегенұлының айтуынша, бұл жайды қаланың зиялы қауымының өкілдері жиі көтеріп жүр. Ал, Орал қаласының тұрғыны Өтеш Қуатов шаһар атауын өзгерту мәселесін зиялы қауым бірнеше мәрте көтергенімен қала басшылығы әлі қимылсыз отырғанын айтады.

Батыс Қазақстан облыстық тіл басқармасының ономастика бөлімінің меңгерушісі Бақтығали Тілегенұлының айтуынша, қала атауын алмастыруда шешуші роль атқаратын қалалық мәслихаттың құрамында тіл жанашырлары мен жергілікті ұлт өкілдерінің аз болуы да салқынын тигізіп келген.

- Былтыр күздегі сайлауда ғана мәслихаттың жаңа құрамында жергілікті ұлт өкілдерінің салмағы басым түсіп отыр. Сондықтан қала атауын өзгерту мәселесіне енді қайта оралуға болады. Таяуда оңтайлы шешіліп қалатын болар, - дейді Бақтығали Тілегенұлы.

Алайда, Батыс Қазақстан облыстық тіл басқармасының бастығы Шолпан Қыдырниязова таяу арада қала атауының өзгере қоятындығына сенбейді.

Қазір Қазақстанда Павлодар, Петропавловск, Лисаковск, Курчатов, Рудный, Риддер, Державин, Ленинск, Приозерск деген қалалар бар. Оларға да көне атауларын қайтару немесе өлкенің тарихымен байланысты жаңа атаулар беру туралы ұсыныстар айтылып келеді.
XS
SM
MD
LG