Accessibility links

Денсаулық қорғау және әлеуметтік даму министрі М.Зурабов (Ресей): “...зейнетақы көлемі 240 рубльге дейін өсуі мүмкін”


Кеше Ресей президенті Владимир Путин үкімет отырысында әлеуметтік жеңілдіктердің орнына өтемақы төлеу туралы заңды жүзеге асырудың барысына наразылық білдірді. Ресей министрлері кабинетінің отырысында президент зейнетақы көлемін 1 көкектен бастап 100 рубльге емес, 1 наурыздан бастап одан 2 есе жоғары – 200 рубльге ұлғатуды талап етті. Кейінірек денсаулық қорғау және әлеуметтік даму министрі М.Зурабов зейнетақы 240 рубльге өсуі мүмкін деп мәлімдеді. Кеше Ресейдің көптеген қаласы мен аймағында жеңілдіктерді өтемақымен алмастыруға қарсы наразылық шерулері жалғасты.
XS
SM
MD
LG