Accessibility links

А.Ақаев (Қырғызстан): “Қырғызстан үшін Пәкістанның Карачи қаласындағы теңіз портына жол ашу маңызды”


Кеше Исламабадта бас қосқан Қырғызстан президенті А.Ақаев пен оның пәкістандық әріптесі Первез Мушарраф екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға уағдаласты. Пәкістанға 2 күндік ресми сапармен келген А.Ақаевпен келіссөзінде П.Мушарраф екі арадағы сауда байланысын жақсарту арқылы аймақтағы көлік қатынасын, оның ішінде Пәкістандағы Қарақорым автотасымал байланысын дамытуға болатынын мәлімдеді. Өз кезегінде А.Ақаев Қырғызстан үшін Пәкістанның Карачи қаласындағы теңіз портына жол ашудың маңызын атап көрсетті және президент П.Мушаррафты Қырғызстанға сапарға шақырды.
XS
SM
MD
LG