Accessibility links

Иран мен АҚШ бір біріне тағы тіл тигізді


Иран қорғаныс министрі Али Шамкани елімізге шабуыл жасалса кез-келген жаудың бетін қайтаратын шамамыз бар деп мәлімдеді бүгін. Мұның алдында АҚШ президенті Джордж Буш дүйсенбі күні американ телекомпаниясында сөйлегенде Иранмен арадағы текетіресті дипломатиялық жолмен шешуге құштармын, бірақ әскери күш қолдану мүмкіншілігінде жоққа шығармаймын деп мәлімдеген болатын. Мәселе дипломатиялық жолмен шешіледі деген үміттемін, бірақ ортаға салынып отырған кез-келген ұсынысты қалдырмаймын, - деді Буш. Америка Құрама Штаттарының пайымдауынша, Иран құпия түрде ядролық қару өндіріп жатыр. Иран айыпты үнемі жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG