Қырғызстан президентінің қызы Бермет Ақаева және ұлы Айдар Ақаев бүгін парламент депуттағына үміткер деп тіркелді. Қырғызстан парламенті 27-шы ақпанда сайланбақ. Айдар – Қырғызстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы, Бермет – Аға-Хан қоры Қырғыз бөлімшесінің төрайымы. Президент Асқар Ақаевтың 4 баласы бар, алайда парламент депуттағына қажет ең төменгі жасқа оның екі баласы ғана жетіп отыр.