Accessibility links

Бағдадта бомба орнатылған 2 автокөліктің жарылысынан кем дегенде 8, АҚШ армиясының мәлімдеуінше, 26 адам қаза тапты


Ирақ астанасында айналдырған 1.5 сағаттың ішінде бомба орнатылған екі автокөлік жарылып, кем дегенде 8 адам қаза тапты. АҚШ армиясының мәлімдеуінше, одан 26 адам өлген, бірақ бұл бастапқы дерек, оны Ирақ үкіметімен бірге анықтау қажеттігін атап көрсетті. Бірінші автобомба Аустралия елшілігінің іргесінде жарылып, одан 2 кісі мерт болса, екіншісі – Бағдадтағы полиция бөлімшесінің жанында жүзеге асырылды. АҚШ армиясының өкілі Майк Мюррей елшілікке шабуыл жасап жарылған автокөлікте жанпидашыл-террористің отырғаны анық деп мәлімдеді. Оның қарсаңында Ирақтың уақытша премьер-министрі Айад Аллауи 30 қаңтардағы сайлаудың алдында биліктің ең басты міндеті – қауіпсіздікті қамтамасыз ету деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG