Accessibility links

Орталық Азияға ортақ коалициялық әскер қажет пе?


Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжа НАТО инфрақұрылымдарының Ресейге жақындауына қарсы шара қолдану қажеттігін айтады.

Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы 1992 жылы құрылған кезде оған 12 ел қосылған еді. Бертін келе бірнеше мемлекет келісімді ұзартудан бас тарттып, қазір ұйым құрамында 6 мемлекет қалды. Осы ұйымның бас хатшысы запастағы генерал-полковник Николай Бордюжаның айтуынша, ұйымның басты мақсаты - лаңкестікпен күрес.

Ресми құжаттарда жазылғандай, Ауғанстан маңындағы мемлекеттерге қауіп төндіріп отырған есірткі тасымалымен, адам саудасымен, ұйымдасқан қылмыспен күрес те ұйым мақсаттарына кіреді.

- Осындай кеселдермен күресу үшін елдерге бірігу керек, - дейді Николай Бордюжа. - Мысалы, экономикалық өрлеуі жоғары АҚШ-та өз тұрғындарын лаңкесшілерден қорғай алмады.

Ал қазақстандық саясаткер Жұмабай Доспанов бұл ұйымның мақсаты қауіпсіздік емес саясатқа көбірек ұқсайды деп біледі:

- Владимир Путиннің ой-арманы шағын империя жасау. Сондықтан, неше түрлі сылтаулармен біріккен қорғаныс деп жатыр. Ал Орталық Азия аймағы қауіп төндіретін аймақ емес.

Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа айтып өткендей, ұйым тек Орталық Азияда ғана емес, Батыстан төнетін қауіптен қорғану үшін де құрылған.

- НАТО инфрақұрылымдарының Ресейге жақындату жөніндегі пікірлер айтылып жатыр. Біз осыған шара қолдануымыз керек, - дейді Николай Бордюжа.

Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің пікірінше, НАТО-мен теке-тірес ұлғая берсе, ол Қазақстанның сыртқы саясатына кесірін тигізуі мүмкін, бірақ, бұл ұйым НАТО-ға қарағанда қауіпсіздікке кепілдік бермек.

- АҚШ НАТО-ға кепілдік болмайды. Егер, бізде көршілес мемлекеттермен, мысалға, бір қақтығыс болса, бұл ұйым біз үшін күресу керек, - дейді Берік Әбдіғалиев.

Оның сыртында, ұйым құрамына кіретін елдерге Ресейде шығарылатын қару-жарақ жеңілдіктермен сатылуға тиіс. Мысалы, белгілі бір әскери техниканы Ресейдің ішкі бағасымен алғанның орнына, сол техниканы шығаратын зауыттың бағасымен алуға болады. Оның сыртында, ұйым құрамына кіретін елдер бірқатар салықтардан босатылады. Кезінде осы ұйымдағы келісім жобаларын дайындауға атсалысқан запастағы генерал Айтқали Есенқұловтың айтуынша, қаруды "алыстан арбалағанша жақынан дорбалаған" тиімді:

- Ол арзан, жақын, біздің қаруда бұрынғы совет одағынікі. Одан арзан қаруды біз ешқайдан таппаймыз.

Ресейге де бұл сауда қатынастарының тиімді жақтары басым, дейді Бордюжа. Өйткені, Ресей не басқа елдердің қару жасайтын зауыттары оның қосалқы бөлшектерінде сатады. Оның сыртында, жуырда әскери кадрларды дайындау жұмыстары Ресейдің жоғары оқыту мекемелерінде өтетіндігі жөніндегі келісімге қол қойылуға тиіс, деді Бюрдюжа. Білім беру Ресей жағынан болса. Әскери білім ошағына адам жіберген ел оның Ресейде тұруына қажет қаржыны өтеуге тиіс. Ал саясаткер Жұмабай Доспановтың пікірінше, бұл әскер сыртқы жаулардан қорғану үшін емес, басқа мақстта құрылған:

- Сырттан соғыс ашатын ешкім болмайды. Ол әскер Орталық Азиядағы авторитарлық режимді ұстап тұрған билікке көмек болады, деген ойым бар.

НАТО-ны құрудың мақсаттарының ішінде, тек ұжымдық қауіпсіздік қана емес, қаржыны үнемдеу де жатыр, дейді Бордюжа. Мәселен, белгілі бір елге үлкен армияға қаражат төлегенше, көршілес мемлекеттермен бірлесіп, шекара қорғауға тек әскерінің бір бөлігін жіберуге болады. Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаның сөзінше, бұрынғы совет одағы территориясындағы ұйымның мақсаты да осыған ұқсас. Запастағы генерал Айтқали Есенқұлов болса, Николай Бардюжаның сөзің құптап отыр:

- Оңтүстікте де қауіп бар, қасымызда да бар. Ал, Қазақстан жалғыз өзі үлкен мемлекеттерге ештеңе істей алмайды.

Ұйым бюджеті былайша бөлінген. Ресей 50 пайызына жауапты болса, қалған елдер 10 пайыздан қамтып отырады.
XS
SM
MD
LG