Accessibility links

Халықаралық ұйымдар Индонезия қолына тиген қаржылық көмекті табиғи апаттың салдарымен күрестен өзге жобаларға жұмсай ма деп алаңдайды


26 желтоқсандағы табиғи апаттан қатты жапа шеккен Индонезияның Ачех өлкесіне гуманитарлық көмек берудің бірінші сатысы аяқталды деп хабарлады бүгін Индонезия үкіметі. Үкімет мүшесі Алви Шиһабтың атап көрсетуінше, Ачехтың алыс аудандарымен арадағы көлік байланысы қалпына келтірілді. Алайда жергілікті халық қайырымдылық көмегінен әлі де мұқтаждық көріп жатыр. Шри-Ланкадағы халықаралық ұйымдардың өкілдері Индонезия үкіметі қолына тиген қаржылық көмекті табиғи апаттың салдарымен күреске тіпті қатысы жоқ жобаларға жұмсай ма деп алаңдайды. Оңтүстік Азиядағы табиғи апттан 226 мың халық құрбан болды.
XS
SM
MD
LG