Accessibility links

Еуропа одағы Сыртқы істер бойынша басшысы Хавиер Солана келер аптадағы Ирақ сайлауларына байланысты өз тілегін білдірді


Егер Ирақтағы сайлаулар барысында жаңа Парламент құрамында Сүнні мұсылмандарының өкілдері аз болған жағдайда елде ауыр жағдайлар белең алуы мүмкін, деді Солана мырза. Еуропа Парламентінің Сыртқы істер бойынша комитетінде сөйлеген сөзінде Солана мырза Сүнні азшылығы өкілдері сайлауға дауыс бере алмаса немесе бойкот жарияласа, онда Ирақта бей-берекеттіктер орын алатын болады, деген пікірін білдірді. БҰҰ өкілдерінің айтуынша Ирақта дауыс беруге хұқы бар азаматтардың тек төрттен бір бөлігі ғана тіркеуден өткен екен.
XS
SM
MD
LG