Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, 38 жолаушының 35-і Қырғызстан азаматтары екен. Оқиға Қарағанды облысының Приозерск қаласының маңында болған, аяздан әбден тоңған қалған жолаушылар қаладағы қонақ үйге жеткізілген. Қала әкімдігі қызметкерлерінің айтуынша, Қарағанды облысы бойынша 40 градусқа дейін аяз болады деп хабарланғандықтан, көрші елдердің азаматтары әзірге Қазақстанда тұрақтайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметкері Қайрат Тарбаевтың айтуынша, қатты аяздың салдарынан көліктің дизель отыны қатып қалып, автобустан шығып кеткен жолаушылардың біреуі суықтан үсіп өлген.
- Автобуста қырғызстандықтармен қоса, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей азаматтары болған. Автобус тоқтап қалған сәтте бір Қырғызстан азаматы көліктен түсіп, өз бетімен кетіп қалған. Сол азамат Приозерскіден 100 шақырым қашықтықта суықтан үсіп өлген жерінен табылды, - деді Қайрат Тарбаев Азаттық радиосына.
Приозерск қалалық әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Серік Тілеуқұловтың айтуына қарағанда, екі күн далада жатқан автобустағы жолаушыларға тек үшінші күні ғана көмек келген.
- Сарышаған полигонының әскерилері көмекке келіп, қазір тірі қалған азаматтар қаладағы қонақ үйлерге орналастырылды. Араларында бір қыз балаға дәрігерлік көмек қажет болған соң, ол госпитальға жатқызылған еді, қазір аман-есен шығарылды, - деді Серік Тілеуқұлов.
Оның айтуынша, тірі қалған 37 азаматтың арасында 2 әйел адам болған. Олардың барлығы Ресейге жұмыс іздеп бара жатқандар екен.
- Төтенше жағдайға ұшырауларына байланысты олар енді кері қарай, өз елдеріне қайтатын болар. Алайда, Қарағанды облысы бойынша 38-40 градусқа дейін аяз болады деп хабарланғандықтан, қаланың ішкі істер басқармасының қызметкерлері күре жолды уақытша жауып, ешкімді сыртқа шығармай отыр, - деді Серік Тілеуқұлов.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметкері Қайрат Тарбаев соңғы күндерде болған суық салдарынан кейбір аймақтарда орта білім беру мекемелерінің жұмысы тоқтатылғанын айтты.
Күннің күрт суытуы тұрақты мекені жоқ көше кезіп жүргендерге де қатты батып отыр екен.
- Күннің суытуына байланысты бүгінде тұрақ іздеп келуші азаматтардың барлығын да қабылдап жатырмыз, бізде жағдай жаман емес, күніне үш мезгіл тамақ беріледі, төсек-орындары да ауыстырылып, жуылып отырады, - дейді Астанадағы бейімдеу орталығының басшысы Әмина Мейманова.
Ауа-райын болжаушылар солтүстіктен ойысқан қатал антициклонға байланысты аязды күндер осы аптаның аяғына дейін жалғасатындығын ескертіп отыр.