Джордж Буш Америка Құрама Штаттарының президенті лауазымына кірісу инаугурациясында сөйлеген сөзінде шет елдердегі демократиялық қозғалыстарды нығайту және тираниямен күрес қажеттілігі туралы мәлімдеген еді.
АҚШ президенті Америка Құрама Штаттарының саясаты әр елдегі демократиялық қозғалыстар мен институттардың өсуін қолдау және түпкі мақсаты әлемдегі тиранияны жою болып табылады дейді. Сондай-ақ Джордж Буш: "біз басқа үкіметтердегі реформаларды ынталандыратын боламыз, біздің өзара қарым-қатынастағы табысымыз олардың өз халықтарының мүдесімен қаншалықты үйлесетіндігіне сай болады" деп мәлімдеген.
АҚШ президенті Джордж Буш өз сөзінде қуғын-сүргінге, түрмеге қамалған немесе қуғындауға тап болған реформаторлар мен демократтарды Америка "өз ерікті елдерінің болашақ лидерлері" деп түсінетінін мәлімдеген. Сондай-ақ Джордж Буш өз сөзінде "бұрынғысынша бақылау әдеттері бар үкімет лидерлері халыққа қызмет ету үшін, сіздер оларға сенім көрсетуді үйренулеріңіз керек. Ілгерілеу және әділдік жолына түсіңіздер. Америка сіздермен бірге жүреді" деп мәлім еткен.
Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары АҚШ президентінің инаугурацияда сөйлеген осы мәлімдемесіне байланысты өз пікірлерін білдіріп жатыр.
Мәжіліс депутаты Уәлихан Қалижановтың пікірінше, Джордж Буш бұрыннан жүргізіп келе жатқан саясатын жалғастыратынын мәлімдеді. Сондай-ақ Уәлихан Қалижанов әлемде демократияның орнығуы, кез-келген елдерде демократиялық институттардың болуы қажет нәрсе деп санайды.
Депутат Нұртай Сабильяновтың пікірінше, "АҚШ президенті демократияны сөз етіп әр елде өз саясатын жүргізуді ойлайды". Депутат Ерасыл Әбілқасымов "Джордж Буш тарихи мыңдаған жылда халықтың түрлі ұлтқа, түрлі дінге бөлінгенін түсінбейді. Сол бөлінген нәрсені бір қалыпты, бірдей жүргізем, барлығы демократияға көнеді дегені дұрыс емес" дейді.
Ал, депутат Райымбек Аяшевтің пікірінше, адамзатқа "демократиядан басқа жол жоқ". Депутат Болат Әбішев "мәлімдеменің ең үлкен мағынасы - дүниежүзілік мемлекеттерге өзінің басшылық етемін деген әңгімеде. Осыны жасырмай көрсетіп отыр" деген тұжырым жасайды.
Ал, үкіметтің парламент мәжілісіндегі өкілі Қуаныш Алпысбековтың пікірінше, АҚШ президентінің мәлімдемесінде Америка ықпалын одан әрі нығайту ойы жатыр.