Жоспар бойынша, 2005 жылдың 2 тоқсанынан бастап Қазақстанда 20 шақты автокөлік құрастырылады. Ал бірнеше айда жүздеген дайын көлік шығару белгіленген. Жоба авторлары елде құрастырылатын көліктер саны көбейген сайын оның өзіндік құны арзандайды да, тұтынушыларға жеткен кезде көліктің бағасы төмендейді деп отыр. Бұл шаруаны жүзеге асырмақ болып отырған «АзияАвто» кәсіпорнының президенті Ержан Мандиевтің айтуынша, жобаға бірінші кезекте 7,5 миллион доллар инвестиция құйылады, оның негізгі бөлігі - қазақстандық инвесторлардың үлесі болмақ.
Ал, «Шкода» маркалы авктокөліктерді Қазақстанда сататын жалғыз делдал - «Алма моторс» компаниясының маманы Марина Ляшованың пікірінше, Чехияда жиналған көліктер Қазақстанда жасалатын машиналармен салыстырғанда сапалы болады.
- Әрі Чехиядан тасымалданатын машиналардың қозғағыштары Германияда шығарылады. Көлікті жақсы білетін мамандар оның сапасын оталдырған кездегі дыбысынан-ақ аңғарады, - дейді Марина Ляшова.
Қазақстанда жиналған «Шкодалардың» қосалқы бөлшектері шетелден тасымалдануына орай машиналар тұтынушыларға қымбатқа түседі. Жорамал бойынша, қазақстандық «Шкода» автокөлігінің ең арзаны тұтынушыға 9,5 мың еуроға сатылады.
- Кейін оның құны арзандайды, өйткені, көліктің дөңгелектерін Шымкентте, акуммуляторларын - Талдықорғанда, орындықтарын - Семей зауыттарында жасау жоспарланған, - дейді Қазақстанның өндіріс және сауда министрлігінің маманы Жанел Кужукова.
Жергілікті жүргізушілер одағының өкілдері тұтынушылар үшін бұл көліктер арзан болғанымен қосалқы бөлшектері бәрібір қымбатқа түседі деген пікір айтады. Қазақстан жүргізушілер одағының сарапшысы Марат Тақымның сөзіне сүйенсек, Қазақстанда шығарылған соң, жұмыс күшіне үнемделген қаржыдан машина құны ғана арзандауы мүмкін.
«Алма моторс» компаниясының маманы Марина Ляшованың айтуынша, тұтынушылардың сұранысына қарағанда, қазақстандықтар негізінен Жапонияда шығарылған көліктерге құмар.
- Мысалы, қазір Қазақстанда жыл сайын 300 «Шкода» автокөлігі сатылса, бір жылда сатылған жапон автомашинасының тек бір маркасының өзі мың жарым данадан асады, - дейді Марина Ляшова.
«АзияАвто» кәсіпорнының президенті Ержан Мандиевтың айтуынша, «Шкода» компаниясынан арнайы келген мамандар Қазақстанның зауытына көңілдері тоған, бірақ, олар мамандарды арнайы дайындықтан өткізу қажет деген қортындыға келген.
- Жуырда қазақстандық автоқұрастырушылар Чехияға барып, «Шкоданың» сапасын қадағалау технологиясымен танысады, - дейді Ержан Мандиев.
Қазақстан жүргізушілер одағының өкілдері елде құрастырылатын машиналардың сапасына дүдәмал екендерін білдіреді.
- Чех мамандары «Шкода» машиналарын жасауға машықтанып алған. Мәселен, Германияда жиналған авто Чехиялық машинамен салыстырғанда сапалы болады, - дейді Қазақстан жүргізушілер одағының сарапшысы Марат Тақым.
Қазірде «Шкода Авто» кәсіпорыны немістердің «Фольксваген» концернінің төртінші зауыты саналады. Қазақстанда «Шкоданың» 3 моделін құрастыру көзделген, олар: «Октавия», «Фелиция» және чех автоларының соңғы үлгілерінің бірі «СуперБ» маркалы көлік түрлері.