Accessibility links

Ирақтағы сүннилер жексенбілік ұлттық сайлауды мойындамайды


Ирақтағы шийт мұсылмандарының Ирақ одағы бірлестігінің жетекшісі Абдул-Әзиз Әл-Хакім Әл-Аарабия телеарнасына берген сұхбатында өзі бастаған топ Ирақ үкіметінің елдегі барлық ұлт өкілдерінен жасақталуын талап ететінін мәлімдеді. Ирақтағы жексенбі болып өткен сайлаудың толық нәтижесі 10 күннің ішінде жариялануға тиіс. Бірақ сүннилер тұратын аудандарда халық дауыс беруге тым аз қатысқан сияқты. Дүйсенбі күні сүннилердің діни көсемдері сайлау “жасанды түрде” өтті деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG