Accessibility links

Непал патшасы Гиянендра елдегі бүкіл билікті өз олына шоғырландырды


КАТМАНДУ: Непал патшасы Гиянендра 10 министрден тұратын жаңа үкіметті тағайындап, оны өзі басқаратынын мәлімдеді. Кеше алдыңғы үкіметті таратып, елде төтенше жағдай орнатты. Непал астанасы – Катмандудың әуе жайы жабылып, қаланың көшелеріне соғыс техникасы шығарылды. Гиянендра патша бұрынғы үкіметті сайлау өткізу, үкімет армиясымен 9 жыл бойы шайқасып келе жатқан маоистік бүлікшілермен уәжге келу сынды алдына қойылған міндеттерді атқара алмады деп таратып, мемлекеттік билікті өз қолына алатынын жариялады.
XS
SM
MD
LG