Accessibility links

Семейде қызылшамен ауырғандардың саны 1338 адамға жеткен


Семейде қызылша дертіне шалдыққандардың саны толассыз өсіп, 1338 адамға жеткен. Қазақстан үкіметінің қаулысымен елде ақпанның 21-інен бастау жоспарланған қызылшаға қарсы егу жұмыстары Семейде және өзге облыстарда мерзімінен бұрын басталып кетті.


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, қазір елдегі қызылша дертінің деңгейі орныққан. Дегенмен бұл дертке қарсы денсаулық сақтау министрлігі ақпан айының 21-інен бастап, республикалық жалпы ұлттық егу жұмыстарын жүргізетіндіктерін мәлімдегенімен елдің барлық аймақтарында кең етек алуына орай және қазірде бір ғана Семей қаласының өзінде аталған дертке шалдыққандардың саны 1338 адамға жеткендіктен бұл шара мерзімінен бұрын басталған. Осы жұмысты бүгінде республика бойынша алғашқылардың бірі болып бастаған Семей қаласының бас педиатры Әлия Қайдарова қаладағы сырқаттанушылардың дені жастар екенін айтады.

Алайда осы дерттің республикадағы ең көп тараған жердің бірі Алматы облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық департаментінің бөлім бастығы Салтанат Нұрғабылқызының айтуынша, Алматы облысында керісінше егде азаматтардың қызылша дертіне шалдығу дерегі жиі тіркелген.

Дегенмен республика бойынша қызылша дертінің Семей қаласында кең етек алуының түрліше себебі бар дейді қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Бағлан Салықұлы Шегедеков.

Ал денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Төлеген Іздібаев аталған дерттің кеңінен тарауына азаматтардың өз денсаулығына немқұрайды қарауы басты себеп болғаны зерттеу барысында белгілі болып отыр дейді. Сондай-ақ Төлеген Іздібаевтың айтуынша, қазір азаматтардың денінің денсаулығының иммунитеті азайып кеткендіктен қызылша дерті оңай тарап отыр.
XS
SM
MD
LG