Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз өкілі бұл кездесудің жабық есік жағдайында болатындығы себепті оған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жіберілмейтіндігін айтты. Оның сөзінше, елші Лаура Кеннеди жұма күні Астана қаласында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, өзінің сапарына байланысты баспасөз мәслихатын өткізген.
Елші Лаура Кеннедидің Қазақстандағы демократиялық күштер өкілдерімен кездесуі Алматыдағы АҚШ елшісінің резиденциясында түстен кейін басталып, шамасы екі жарым сағат жалғасты. АҚШ елшісімен болған кездесуге қатысқан Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы Азаттық радиосына кездесуде сөз болған тақырыптар туралы айтып берді.
- Қазақстанның демократиялық процестерінің даму барысы жөнінде және өткен парламент сайлауының қортындысы, Қазақстанда қандай реформалар жасалуы керек, қай бағытта дамуы керек - осы турасында әңгімелер болды. Кеннеди ханымның парламент сайлауы туралы көзқарасы АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан көзқараспен бірдей, яғни сайлау заң бұзушылық жағдайында өткен. Сондай-ақ, демократиялық күштер өкілдері Қазақстанда конституцияны өзгерту қажеттігі жөніндегі өз ой пікірлерімен бөлісті, - деді Алтынбек Сәрсенбайұлы.
Оның айтуынша, Қазақстанда болып жатқан саяси жағдайларды АҚШ сыртқы саясат мекемесінің адамдары жақсы біліп отыр, ол жөнінен хабардар екен. Қазақстан демократиялық күштері үйлестіру кеңесінің мүшесі, Қазақстан коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин АҚШ елшісімен болған кездесуде оған "Қазақстанда барлық биліктің бір адамның қолында екендігін, бұл - демократиялық принципке қайшы келетіндіктен, басқару билігіне өзгерту енгізу қажеттігі" жөнінде айтқан.
АҚШ елшісімен болған кездесуге қатысқан "Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы" саяси кеңесінің төрағасы Асылбек Қожахметов өзі басқаратын оппозициялық партияны жабу туралы сот шешімінің заңсыздығы жөнінде де әңгіме болғандығын айтты.