Accessibility links

Палестина президенті мен Израиль премьері өзара бітімге келгендерін жариялайды


Мысырдың Шарм Аш-Шайх қаласында өтетін бас қосуында Палестина президенті Махмуд Аббас пен Израиль премьері Ариэль Шарон өзара бітімге келіп, бейбіт келіссөзді қайта жалғастыратындарын жариялайды деп күтілуде. Қызыл теңіз жағалауындағы Шарм Аш-Шайх курортындағы бұл бас қосу Палестина мен Израиль лидерлерінің 4 жылдан бергі бірінші кездесуі болмақшы. Израиль премьерінің аға кеңесшісі Рэннан Гиссин бұл бітімді екі жаққа да нәтиже беретін бір жақты келісім деп бағалады. Өйткені, деп атап көрсетті Гиссин, Палестина жағы терроризмді, іс жүзінде интифаданы доғарады да, тыныштық орнаған жағдайда Израиль жағы - соғыс қимылдарының барлық түрінен бас тартады.
XS
SM
MD
LG